Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Қоғам 43 қаралымabaidan.kz

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

Облыс басшысының бастамасымен қолға алынған «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында Абай ауданында жыл басынан бері жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жоба нәтижесінде ауданға 50 отбасы, 218 азамат көшіп келді. Оның ішінде 34 отбасы, яғни 147 адам Семей қаласынан болса, 16 отбасы, 71 адам өзге өңірлерден қоныс аударған. Жобаның орындалу көрсеткіші – 100 %. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Абай ауданының әкімі Мейіржан Смағұлов баяндады.

Қоныс аударған азаматтарды баспанамен және әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз ету бағытында да тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 44 отбасы баспанамен қамтылды. Қалған 6 отбасы үй алуға қажетті құжаттарын өткізуде.

Сонымен қатар, жаңа қоныстанушыларға шаруашылығын дамытуға қолдау көрсетіліп, демеушілер тарапынан 30 бас ұсақ мал, 22 бас ірі қара және 13 бас жылқы берілді.

– «Қаладан – ауылға» жобасының негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердің демографиялық ахуалын жақсарту, еңбек ресурстарын толықтыру және ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді Абай ауданының әкімі Мейіржан Смағұлов.