Қазақстанда тұңғыш рет мобильдік қосымшаға арналған онлайн курс іске қосылды

Қазақстанда тұңғыш рет мобильдік қосымшаға арналған онлайн курс іске қосылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетініңпедагог-ғалымдары EdApp платформасында мобильдік қосымшаға арналған «Өңір – Орта Азия: көші-қон мәселелері бойынша журналистік білім беру» атты Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің тәжірибесіне негізделген бес тілдегі мультилингвалдық онлайн-курс әзірлеп, іске қосты. Жобаны Коммуникацияны дамыту халықаралық бағдарламасы қолдады.Мультимедиялық технология мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасалған курс Орта Азиядағы Журналистік білім беру платформасын дамытуға үлес қосады.

​Осыдан бір жыл бұрын, курстың старттық кездесуіне Орта Азияның 42 университеті, БҰҰ, ЮНЕСКО халықаралық ұйымдарының өкілдері мен 25 медиаиндустрия өкілдері қатысып, журналистік білім беру бағдарламаларының сапасын жақсарту, қашықтан оқыту ресурстарын арттыру, журналистика оқытушыларының әлеуетінкөтеру, Орта Азиядағы көші-қон мәселелерінің жазылуы мен журналистік білім беру платформасының болашағын талқылаған еді. Жобаның жұмыс тобы (филол.ғ.д. Н. Шыңғысова, филол.ғ.кандитаттары Е. Дудинова, А. Рожков, М. Негізбаева, PhD А.Скрипникова) бір жыл бойы халықаралық және ортаазиялық кейстер мен ресурстарды зерттеп, көші-қонның БАҚ-та жазылуын халықаралық стандарттамен салыстырмалы түрде сараптап, ашық білім беру ресурстарының қағидалары мен нұсқаулықтарын зерделеді. Курстар сарапшылар сынағынан сәтті өтті.

​ЮНЕСКО-ның журналистік білім беру сериясының «Мигранттар мен босқындар туралы репортаждар» оқу құралына негізделген практикалық курстың құрамы БАҚ-та көші-қон мәселелерін жазудың барлық модульдері мен элементтерін қамтиды.  Курс көші-қонды сауатты жазу машығын қалыптастырады, сондықтан, студенттермен бірге, осы салада қалам тербеп жүрген журналистерге де арналған. Тыңдаушылар курсты кез келген мобильдік құрылғыдан кіріп, виртуалды аниме кейіпкерлермен бірге өтіп, шеберліктерін шыңдай алады. Онлайн курс ойынға, қызықты оқиғаларға негізделген тапсырмаларға, көші-қон саласындағы мысалдарға, кеңестергетолы танымдық бай материалдарментолықтырылған. Курста фото, видео, график, дереккөздерге сілтемелер де бар.  

​Онлайн курс іске қосылған кездесуде курсты оқып, тестен өткізген Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің ЖОО өкілдері, журналистер мен студенттер инновациялық, инклюзивті курс туралы әсерлерімен бөлісіп, жағымды пікірлер айтты.

​Мультимедиа мен анимацияны қолдану арқылы жасалған ақысыз онлайн курсты тиімді аяқтаған тыңдаушыларға сертификат беріледі.

​Қазіргі таңда open.kaznu.kz платформасында журналистика саласы бойынша сегіз ЖАОК бар, соның төртеуін «МедиаТДМ» жобасының жұмыс тобы әзірлеген, бұл курстар да ЮНЕСКО-ныңресурстарына негізделген, платформаға сегіз тілге аударылған мультилингвистикалық оқу құралы да орналастырылды. Бүгінде бұл курстарды тек студенттер ғана емес, журналистер, блогерлер, баспасөз қызметінің мамандары да оқып, сертификат иемденуде.

​Аталған онлайн курстар Қазақстандағы ашық білім беру ұлттық платформасын дамытуға елеулі үлес қосады.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Мерзімді баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы Өңір – Орта Азия: көші-қон мәселелері бойынша журналистік білім беру» Жобасының жетекшісі Назгүл Шыңғысова.


#қоғам, #Түркітілдес журналистер қоры, #түркітілдесжурналистерқоры