Мәжіліс депутаты Водный, Восход кенттерінің тұрғындарымен кездесті

Мәжіліс депутаты Водный, Восход кенттерінің тұрғындарымен кездесті

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Абай облысының орталығы Семейде болып, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері және тұрғындармен кездесті.

 

Кездесуде депутат еліміздегі бірқатар Заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы, республикалық маңызы бар жолдар мен елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту мәселелеріне тоқталды. 

Өз кезегінде тұрғындар Мәжіліс депутатына Семей ядролық полигоны аймағында тұратындарды әлеуметтік және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету, Полигон туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Абыралы ауданын құру, бағаны тұрақтандыру, ауылшаруашылығын қолдау , қоқыс шығару, балабақша мен мектеп салу, мүгедектігі бар жандарға қолайлы жағдай жасау, Артспортты дамыту, көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшерін ұлғайту, тұрғын үй, медициналық мамандықтарға гранттар санын арттыру, жол, жарық, көмір бағасының қымбаттығы, қоқыс шығару, сынды сұрақтарын қойды. Көтерілген мәселелер бойынша депутат барлығына жауап берді.

Кездесу соңында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. 

 

Тәуліктің екінші жартысында Нұртай Сабильянов кестеге сай, Водный, Восход кенттерінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов қатысты. 

Мұнда да тұрғындар тарапынан жауыр болған ауыз су мәселесі көтерілді. Сондай-ақ , қоғамдық көлік, жарық пен жол, мектеп салу жайы айтылды. Сайлаушылардың сұрақтарына депутат тиісті жауап берді. Соңында тұрғындар өтінішімен Водный кентіне барып, ондағы ауыз су мәселесін көрді. 

Бұдан кейін депутат Ғаббасов қазандығында болып, жылу нысанындағы жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. 

 

Сонымен қатар тұрғындардың шақыруымен Мәжілісмен Комсомол кентіндегі Семитавская көшесінде болып, тұрғындармен кездесті. Халық тарапынан жол, жарық, аялдама, медициналық қызмет сапасы туралы мәселелері көтерілді. 

Депутат сайлаушылар тарапынан көтерілген сұрақтарға жауап беріп, мәселелерді назарында ұстайтынын айтты. 


#Семей, #Абай облысы, #мәжіліс, #депутат, #Нұртай Сабильянов