Облыс әкімі Жаңа жылға арналған мерекелік шараны тамашалады
Семей қаласының орталық алаңында «Төрлет, Жаңа жыл!» атты мерекелік шара өтті. Абай атындағы театр, Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония және қалалық мәдениет сарайының өнерпаздары қала тұрғындары мен қонақтарына театрландырылған қойылым мен концерттік бағдарлама ұсынды. Алаңға жиналған жұртшылық Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жылдық құттықтауын тыңдады.

Облыс әкімі Берік Уәли қала тұрғындарымен бірге орталық алаңдағы мерекелік концертті және жаңажылдық отшашуды тамашалады.

Орталық алаңға 10 мыңнан астам адам жиналды.

Биыл Жаңа жыл қарсаңында қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында демеушілердің қаражатымен орталық алаңдағы Арбат бойы жұлдызды аспан шамдарымен безендірілді. Шаһардың әрбір аудандарына 40-тан астам мафтар орнатылды. Сонымен қатар мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік ғимараттар аймағы түрлі түсті жарықтармен әшекейленді.


#Семей, #Абай облысы, #жаңа жыл