Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Қоғам 80 қаралымabaidan.kz

«Әділет» партиясы: Әділетті қоғамның іргесі отбасындағы құндылықтан басталады

«Әділет» партиясы: Әділетті қоғамның іргесі отбасындағы құндылықтан басталады

Әділет, жауапкершілік, еңбекқорлық және прогресс – жай ұран емес, күнделікті өмірден көрінетін құндылықтар. Семейдегі Аубакировтар отбасының бала тәрбиесі осы ұстанымдардың қарапайым әрі нақты көрінісін көрсетеді.

Отбасы күніне орай «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының басшысы Айдар Ибраев пен партияның Әйелдер қанатының өңірлік кеңесшісі Әйгерім Смағұлова Аубакировтар шаңырағына арнайы барып, отбасы мүшелерін мерекемен құттықтады. Тұрсын мен Айым Аубакировтар үш баланы тәрбиелеп отыр. Отбасында білімге ұмтылу, еңбек ету, спорт пен өнерге қызығу – күнделікті өмір салтына айналған. 10 жастағы Мансұр – оқу озаты, таэквондодан қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Математика олимпиадаларында жүлделі орындарға ие болған. Домбыра тартып, футбол және тоғызқұмалақпен айналысады.

«Әділет» партиясы: Әділетті қоғамның іргесі отбасындағы құндылықтан басталады

8 жастағы Аяла да оқу озаты. Би, ән айту және сурет салуға қызығады. Облыстық және халықаралық би байқауларының жүлдегері. Ал 3 жастағы Аруна – отбасының кенжесі.

«Әділет» партиясы: Әділетті қоғамның іргесі отбасындағы құндылықтан басталады

Бұл шаңырақтағы олардың ортақ тірегі – ата-ананың қолдауы.

«Жұбайым екеуіміздің басты мақсатымыз – балаларымызды кішкентай кезінен дұрыс тәрбиеге баулу. Өзіміз ата-анамыздан алған тәрбиені олардың бойына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйретуге тырысамыз. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, салт-дәстүрімізді біліп, оны құрметтеп өсуіне мән береміз. Балаларымыз білімді, еңбекқор, отаншыл болып өссе – біз үшін одан асқан бақыт жоқ. Өйткені балаға берілген тәрбие – оның ғана емес, тұтас елдің болашағына әсер етеді», – дейді Тұрсын Аубакиров.

Аубакировтар балаларының ғана емес, отбасының да белсенді өмір салтын қалыптастырған. Үш жыл қатарынан қалалық «Парад колясок» байқауына қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Мектептегі отбасылық спартакиадаларға да белсенді қатысып, жүлдегер атанған.

«Әділет» партиясы: Әділетті қоғамның іргесі отбасындағы құндылықтан басталады

Бұл ұстаным «Әділет» партиясының бағдарламасында айқындалған құндылықтармен үндеседі. Партия үшін еңбекқорлық – нәтижеге жеткізетін қасиет, жауапкершілік – тұрақты дамудың негізі, ал прогресс – үздіксіз білім мен дамуға дайын болу. Ал ғылым мен білім, ұлттық мәдениет пен жасампаз патриотизм – елдің ұзақ мерзімді дамуының маңызды тіректері ретінде қарастырылады.  Өйткені әділетті қоғам дайын күйінде қалыптаспайды. Ол жауапкершілікті сезінетін ата-анадан, білімге ұмтылған баладан, еңбекті бағалайтын отбасынан басталады. Құндылық отбасында қалыптасса – оның нәтижесі қоғамнан көрінеді.