Семей қаласында жылыту маусымы аяқталады

Семей қаласында жылыту маусымы аяқталады

Семей қаласының әкімдігі ауа райының тұрақталуына байланысты 2026 жылғы 21 сәуірден бастап қалада жылу беру тоқтатылатындығын хабарлайды.  Ведомство мәліметінше, 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымы тұрақты өтті: жылу жүйелеріндегі барлық жұмыстар уақытылы жүргізіліп, нысандар штаттық режимде жұмыс істеді.

Жылыту маусымын аяқтау Абай облысында бекітілген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Аталған талаптарға сай, сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +10 °C-тан төмен емес деңгейде тұрақтап, әрі қарай жоғарылаған жағдайда, жылыту жергілікті атқарушы органның қаулысы негізінде тоқтатылады.

Маусым аяқталғаннан кейін тұрғын үйлерге ыстық су кезең-кезеңімен беріле бастайды. Қала бойынша 601 тұрғын үй, яғни 40 мыңнан астам абонент ыстық сумен қамтамасыз етіледі.


#Семей, #жылу маусымы