Семейден Алматыға жаңа Stadler вагондарымен баруға болады
Қазақстан Темір Жолы швейцариялық Stadler компаниясымен 537 жолаушылар вагонын жеткізу және қызмет көрсету шартына қол қойды. Оларды Астанадағы 100 жұмысшысы бар Stadler вагон жасау зауытында жинайтын болады, деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі semey.railways.kz сілтеме жасап .
Құны 2,3 млрд еуро болатын келісімшарт жылжымалы құрамға 20 жыл бойы техникалық қызмет көрсетуді көздейді. Stadler әрқайсысында 40 орындық 234 купе вагонын, 58 орындық 233 плацкарт вагонын және ұтқырлығы шектеулі қызметкерлер мен жолаушыларға арналған 18 орындық 35 вагон жасайды. Сондай-ақ, энергетикалық қондырғылары бар 35 вагон дайындалады. Сағатына 160 шақырым жылдамдыққа есептелген вагондар 2023-2030 жылдар аралығында жеткізіледі. Олар 1520 мм калибрлі теміржолдарда ішкі және халықаралық қатынастардың күндізгі және түнгі пойыздарының бөлігі ретінде пайдаланылады.
Вагондардың құрылымы және оларға техникалық қызмет көрсету технологиясы қоршаған ортаға ең аз жүктемені қамтамасыз етуі тиіс. Вагондар -50-ден +45 °С дейінгі температурада пайдалануға арналған.
Кейбір ақпарат бойынша, бірінші вагондар Павлодар-Алматы пойызына жіберіледі, бұл Семей тұрғындарына Алматыға дейін жаңа вагондармен жүруге мүмкіндік береді.