Синоптиктер күн жылынатынын болжайды

Синоптиктер күн жылынатынын болжайды

19-21 желтоқсанда  аяздың беті қайтады. Қазақстанға солтүстік атлантикалық жылы ауа массасы жылжып келеді, деп хабарлайды abaidan.kz  "Қазгиромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан аумағына Атлантикалық мұхиттың солтүстік бөлігіндегі жылы ауа массасы жылжып келе жатқандықтан, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі деп күтіледі. Боран соғып, қар жауады, ал қардың арты жаңбырға ұласады. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде 21 желтоқсанда кешке, сондай-ақ еліміздің солтүстігінде және орталығында көктайғақ болады деп болжанады"."Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ синоптиктер сынап бағаны күндіз -3°C...-8°C аяздан, біртіндеп -2°C, одан кейін +3°C дейін көтерілетінін болжайды.


#Ауа райы