Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Қоғам 50 қаралымabaidan.kz

Абай облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Абай облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиында 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарының барысы және жаңа оқу жылына жалпы орта білім беру ұйымдарының дайындығы қаралды. Кеңеске аудан және қала әкімдері, облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Раджан Сейітқанов, «Теплокоммунэнерго» ММК директоры Саят Әкімжанов және білім басқармасының басшысы Айжан Құрманова баяндады.

Абай облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қазіргі таңда облыстың жылыту маусымына жалпы дайындығы 73 пайызды құрайды. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21 пайызға жоғары. Биыл жылу инфрақұрылымын жаңғыртуға 14,5 млрд теңге бағытталып отыр. Қазіргі уақытта 17 жылу көзінде күрделі жөндеу, 32 нысанда ағымдағы жөндеу және 38 шақырымнан астам жылу желісінде жөндеу жүргізілуде. Негізгі жұмыстардың басым бөлігі Семей қаласында жүзеге асырылуда. 

Абай облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қалада жалпы құны 14,2 млрд теңге болатын 32 жоба іске асырылып жатыр. Облыс орталығында күрделі жөндеу жоспарланған 13 жылу көзінің 8-інде жұмыс аяқталды. Ағымдағы жөндеу жоспарланған барлық нысандарда жұмыс толық орындалды. Сонымен қатар, жылу желілерін жаңғырту жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жылыту маусымының тұрақты өтуі үшін көмір қорын алдын ала қалыптастыруға да басымдық берілуде. Облыстың көмірге жалпы қажеттілігі 1,2 млн тоннаны құрайды.

Абай облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Семей қаласы мен Шүлбі кентін жылумен қамтамасыз ететін «Теплокоммунэнерго» кәсіпорны алдағы жылыту маусымына дайындық жұмысын жүргізуде. Биыл жылу жүйесін жаңғыртуға 5,877 млрд теңге бөлінді. Қаражат есебінен 21 жылу көзінің 12-сінде 19 қазандыққа күрделі жөндеу жүргізіліп, жылу желілерінің бірқатар учаскелері жаңартылуда. Қазіргі таңда 21 жылу көзінің 16-сы толық дайын. Қалған нысандардағы жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес аяқталады және бұл жылыту маусымын бастауға кедергі келтірмейді. Жылу желілерін жаңғырту бойынша биыл 38 шақырымда жұмыс жүргізілуде. Оның 22,4 шақырымы аяқталды. Жөндеу жұмыстары толық аяқталған жағдайда желілердің тозу деңгейі 58,2 пайыздан 54,1 пайызға дейін төмендейді.

Абай облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Сонымен қатар, Семейде жылу жүйесін жаңғыртуға бағытталған 9 жоба іске асырылуда. Оның нәтижесінде 11,8 шақырым жылу желісі мен 2 жылу көзі жаңғыртылады. Жылыту маусымына қажетті көмір қоры да қалыптастырылуда. «Қаражыра» АҚ-мен шарт жасалып, 20 тамыздан бастап көмір жеткізу жоспарланған. Аймақ басшысы жылу жүйелеріндегі жөндеу жұмыстарын жеделдетіп, барлық нысандарды белгіленген мерзімде толық дайындауды, қала және аудан әкімдеріне жылыту маусымының тұрақты өтуін жеке бақылауға алып, анықталған кемшіліктерді жоюды және қажетті көмір қорын қалыптастыруды тапсырды.

Абай облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

 

«Көріп отырғанымыздай, облыс бойынша белгілі бір жұмыстар атқарылып жатыр. Алайда бізді жалпы пайыздық көрсеткіш емес, әрбір нысанның жылыту маусымына толық дайын болуы алаңдатуы тиіс. Бірқатар қалалар мен аудандарда дайындық деңгейі әлі де төмен. Аягөз, Үржар, Бородулиха аудандары жұмысты күшейту қажет. Семей қаласындағы ірі жобалардың белгіленген мерзімде сапалы аяқталуы қатаң бақылауда болуы тиіс. Әлеуметтік нысандар бойынша да осындай талап қойылады. Мектеп, аурухана және барлық әлеуметтік нысандар жылыту маусымына толық дайын болуы керек. Көмір мәселесі де ерекше бақылауымызда болады», – деді Берік Уәли.