Вандализмге жол жоқ!

Вандализмге жол жоқ!

«AMANAT» партиясы Абай облыстық филиалының төрағасы және облыстық мәслихаттың төрағасы Қуаныш Сүлейменов «Вандализмге жол жоқ!» акциясы аясында, «Жастар рухы» ЖҚ бірге Жарма ауданы, Шалабай ауылының аумағындағы сақ дәуіріне тиесілі тастардағы көне таңбаларды жазылған жазулардан тазартып, маңайын қоқыстан арылтты. Бұл жерге 2017 жылы тарихшы, археолог ғалым Әбдеш Төлеубав зерттеу жұмыстарын жүргізген. Ал 2018 жылы «Сокровища Турана» ЖШС-нің тарихи-мәдени сараптамасының қорытындысына сәйкес, бұл аумақта сақ дәуіріне тиесілі төрт археологиялық ескерткіш тіркелген. Құжатта көрсетілгендей олар б.з.д. ІV ғғ., XVII-XVIII ғасыр аралықтарындағы – Құйған қорымы,  «Күйелі қорым», «Қостөбе» қорымы және «Мөртас петроглифтері». Бұлар біздің заманымызға дейінгі дәуірдің куәсі іспетті көне ескерткіштер. Аумақтағы Қимақ және Қазақ хандығы кезіндегі зираттарды сақтар қорғандарымен қоса санағанда 700 ден асады. Бұл өте үлкен тарихтың таңбасы. Осыны көздің қарашығындай қорғап, болашақ ұрпаққа аманаттауымыз керек. Қазіргі уақытта қорғандарды ерекше қорғалатын аумақтардың тізіміне енгізуге атсалысып жатырмыз, – дейді облыстық партия филиалының төрағасы.

Айта кетерлігі, Қуаныш Сүлейменов 6 жыл бұрын осы маңайда кен қазатын компаниялардың жұмыстарына қарсы шығып, тарих үшін табандылық танытқан болатын.

Ата-бабамыздан аманатқа қалған жерді күрегін көтеріп келген әркімнің қаза беруге құқығы жоқ. Бір аттам жердің де тағдыры заң аясында шешілуі тиіс,-деген ол, аумақтың тарихи ескерткіштерге бай екендігін дәлелдеген еді.


#Абай облысы, #депутат, #АМАНАТ партиясы, #вандализм, #Шалабай