Жастар – Ел Болашағының Негізі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатында жастардың ел болашағындағы рөлі ерекше атап көрсетілді. Мемлекет басшысы жастардың күш-қуаты, азаматтық жауапкершілігі және отансүйгіштік қасиеттерін жоғары бағалап, бұл – жаңа ұрпаққа деген сенім мен жауапкершіліктің белгісі екенін білдірді,-дейді «Абай жастары» облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Айдос Төлеуханов.
Бүгінгі жастар – білімге ұмтылатын, еңбекқор, жаңашыл ойлайтын және қоғамдағы өзгерістерге бейжай қарамайтын белсенді буын. Президенттің атап өткендей, азаматтық сана-сезімі жоғары жастардың қалыптасуы еліміздің жаңа даму кезеңіндегі басты басымдықтардың бірі. Бұл әрбір жасқа қойылатын нақты талап қана емес, сонымен қатар үлкен мүмкіндік.
Осы орайда жас азаматтар өз әлеуетін толық іске асырып, білім мен біліктілікті ел игілігіне жұмсауы, қоғамдық бастамаларға белсенді араласуы және мемлекет дамуына нақты үлес қосуы қажет. Ел болашағы – біздің қолымызда. Сондықтан әрбір жас өз ісіне жауапкершілікпен қарап, адал еңбек етіп, Қазақстанның тұрақты дамуы мен өркендеуіне қызмет етуі тиіс.
Жастардың белсенділігі мен азаматтық позициясы – еліміздің келешегінің кепілі. Әрбір жас өз мүмкіндіктерін қоғам мен мемлекет игілігіне арнаған сайын, Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңінде мықты және тұрақты дамуға жетеді.
#Абай облысы, #ҚР Президенті, #жастар