Желтоқсандықтар Отан қорғаушылар күніне арналған әскери парадқа арнайы шақыртумен қатысты
Астанада Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты әскери парад өтті. Бұл мерекелік шараға Қазақстан Республикасының Президенті, еліміздің әр өңірінен келген әскери бөлімдер, құқық қорғау органдары және ардагерлер қатысты. Ерекше қонақ ретінде 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтар — желтоқсандықтар арнайы шақыртумен осы парадқа қатысып, халық құрметіне бөленді.
Желтоқсан көтерілісі – тәуелсіздік жолындағы күрестің бастауы болған тарихи оқиға. Бұл көтерілістің батырлары ел болашағы үшін қайсарлық танытып, бүгінгі азаттықтың негізін қалады. Осыған орай, олардың Отан қорғаушылар күніндегі ресми шараға шақырылуы – ел тарапынан көрсетілген ерекше құрметтің белгісі.
Парад барысында желтоқсандықтар арнайы трибунада отырды. Оларға Мемлекеттік күзет қызметінің өкілдері мен Қорғаныс министрлігінің басшылары ілтипат білдірді.

"Біз бұл күнге оңай жеткен жоқпыз. Еліміздің тәуелсіздігі үшін бастарын қатерге тіккен жастардың есімі ешқашан ұмытылмауы керек. Мемлекет тарапынан осындай құрмет көрсетіліп жатқаны — көңілге қуаныш ұялатады," — деді «Нағыз Желтоқсан» ҚҚ Президенті Құрманғазы Рахметов.


.Салтанатты шеруде заманауи әскери техникалар мен әуе күштері де көрсетілді. Ел жастарына патриоттық тәрбие беруді мақсат еткен бұл іс-шара – ел тарихын еске түсіріп, болашаққа деген сенімді нығайтты.

#мереке, #Желтоқсан көтерілісі, #Отан қорғаушылар күні