"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” Алматы филиалы болашақ жолшылармен кездесуде

"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” Алматы филиалы болашақ жолшылармен кездесуді жалғастыруда. Бұл жолы мекеме ұжымы Қ.Сәтпаев атындағы университет студенттерімен жүздесіп, мамандықтың қыр-сырын, артықшылықтарын баян етті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Мәулен Тоқтарбайұлы бастаған филиалдың қызметкерлері университет шәкірттерін ең озық құрылғылармен жабдықталған жылжымалы жол зертханасымен таныстырды.


Жол құрылысы мамандарын даярлайтын университет еліміздегі алдыңғы қатардағы оқу орындардың бірі. Бүгінде жол саласында еңбек етіп жүрген білікті мамандардың арасында Қ.Сәтпаев университетінің түлектері дн бар. Сондықтан қазіргі таңда білім алып жатқан жастарға теориялық біліммен қоса, практикалық білім де маңызды дейді оқу орнының қызметкерлері.


#Алматы, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы", #студент