Жол жөндеу маусымы басталды

Жол жөндеу маусымы басталды

Абай облысындағы республикалық жолдардың 250 шақырымына биыл орташа жөндеу жүреді. «Қалбатау - Майқапшағай» республикалық автожолының да құрылысы биыл аяқталмақ. Ал «Талдықорған – Қалбатау - Өскемен» жолында жыл соңына дейін жол белгілері қойылып, жолақтары сызылып, аялдамалар мен демалыс орындары абаттандырылады. Бұл туралы  abaidan.kz ақпараттық агенттігі "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облысын басып өтетін «Талдықорған – Қалбатау - Өскемен» жолы қазір тақтайдай. Әлі де тамамдайтын тұстары бар. Ал Қалбатаудан Көкпекті, Ақсуат, Тарбағатай, Зайсанға жүретін жолаушының қажып-ақ жүргені әмбеге аян. Үміттің отын сөндірмей, шыдам танытып келе жатқан төрт ауданның жұрты жақсы жаңалық күтуде.

Қалбатау – Майқапшағайда да толықтай жұмыстар, асфальтпен бітіру жоспарлануда. Жыл соңына дейін толықтай асфальтпен жол қозғалысын ашамыз. «Талдықорған – Өскемен» жолы биыл толықтай аяқталады. Қазір абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол белгілерін қою, жол белгілерін сызу, сосын мына жол жиегінде барьерный ограждение дейміз, сол қоршауларды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр- дейді «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ Абай облысы филиалының директоры, Айбек Ануарбеков. 

Бұдан бөлек, «Өскемен - Семей», «Семей – Ресей Федерациясы шекарасы», «Семей - Қайнар» сияқты жолдардың кейбір учаскелерінде орташа жөндеу жүреді. Осы жылы 250 шақырымға асфальт төселеді. Кетеуі кеткен «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай - Боғас» жолы да назарда.  

Қазір Малкелді мен Баршатас елдімекені ортасында, одан кейін Баршатас пен Мәдениет ауылының ортасында. Бұл жұмыстарды орташа жөндеу шеңберінде бұл жұмыстар жалғасын табатын болады. Одан бөлек, қазір Аягөз бен Ақсуат бағытында бір участокта жөндеу жұмыстары басталды-дейді  «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ Абай облысы филиалының директоры, Айбек Ануарбеков. 

Әлбетте, сәтті сапар сапалы жолдан басталады. Жол тақырыбы қашанда өзекті. Салынған жолдың сын көтермейтін кезі көп. Өңірдегі жол құрылысын “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” Абай облыстық филиалының мамандары қатаң бақылауда ұстап отыр.

Жолдардың сапасын көтеру мақсатында біздің мекеме цифровизация бойынша жұмыс атқарып жатыр. Жолдарды цифрландыру жұмыстары, одан кейін мына диагностикалық жұмыстарын үнемі атқарып отырмыз. Арнайы техникамен жолдарды диагностика жасаймыз.  Жолды жарты сағат ішінде өтіп, бүкіл қандай ақаулар бар, сол жолға қандай қажетті ұсыныс бар анықтаймыз. Қандай жұмыс жасау керек сол жерге, жөндеу жұмыстарын, жамау жұмыстарын, одан кейін жалпы, реконструкция қалай жүреді түгелі назарда-дейді «ЖОЛ АКТИВТЕРІ САПАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ  ОРТАЛЫҒЫ» Абай облысы филиалының директоры, Хамзат Сұлтанов. 


#ҚазАвтоЖол, #"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы"