Жолдардың сапасы үнемі тексеріледі
Облыстық маңызы бар «Воскресеновка-Петропавловка-Шелехова-Дмитриевка» автожолының 23-38 шақырым учаскесіндегі (жалпы ұзындығы – 15 шақырым) ағымдағы орташа жөндеу жұмыстарын Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариков тексерді. Тексеру барысына мердігер компания өкілдері мен техникалық қадағалау мамандары қатысты. Атап айтқанда, сапалы жол жабынын төсеу мен жұмыстың белгіленген стандарттарға сәйкестігіне назар аударылды.
Тексеру нәтижесінде мердігерге анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою жөнінде тапсырма берілді. Сондай-ақ, қолайсыз ауа райы жағдайында жол жабыны сапасын сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті су өткізгіш құбырлары да тексерілді.