Президент Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті Азия чемпионы атануымен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті Азия чемпионатындағы айтулы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады. Бұл туралы abaidan.kz ақпараттық агнттігі kaz.inform.kz сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекет басшысы боксшы қыздардың асқан шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері мен отаншылдық сезімі жанкүйерлерді тәнті еткенін атап өтті.
Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрама мүшелеріне алдағы әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелес Олимпиадасында биіктен көрінуіне тілектестік білдірді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Надежда Рябецтің 2026 жылғы Азия чемпионатының финалында Өзбекстан боксшысын жеңгенін және Дина Исламбекованың Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтынды салғанын хабарлаған едік.