Республика күні қарсаңында Абай облысының бірқатар азаматтары Мемлекеттік марапатқа ие болды

Республика күні қарсаңында Абай облысының бірқатар азаматтары Мемлекеттік марапатқа ие болды

«Еліміздің ең басты мейрамы – Республика күні құтты болсын! Бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн. Көк түріктер дәуірінен, Алтын Орда, Қазақ хандығы заманынан келе жатқан елдігіміз тамырын тапқан күн. Бұл – Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн. Халқымызда «Егемен болмай, ел болмас» деген сөз бар. Осыдан 33 жыл бұрын тарихи әділдік орнады. Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Осы маңызды құжат жұртымыздың азаттық алуына жол ашты».-деді Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев.

«Бірнеше жыл бұрын менің тапсырмаммен «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы белгіленді. Жақында бір топ педагогті өзім арнайы марапаттадым. Бүгін де осы игі үрдіс жалғасын таппақ.

Семей қаласындағы №7 мектеп-лицейдің математика пәні мұғалімі Алма Шүкежанова елу жыл бойы ұрпаққа білім мен тәрбиені қатар беріп келеді. Бүгін Алма Сайдахметқызын «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттау туралы шешім қабылдадым.

Сондай-ақ бүгін басқа да бірқатар мұғалім жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды. Осы арқылы мен барша ұстаздар қауымына ерекше ілтипатымды білдіремін»,-деді Президент. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен  Абай облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Айнабеков Мейрамхат Кәрібекұлы марапатталды.


#Семей, #Абай облысы, #ҚР Президенті