Қатаң шаралар емес, диалог пен қолдау қажет

Қатаң шаралар емес, диалог пен қолдау қажет

Бүгінгі Жолдауда Президенттің мемлекеттік органдардың бизнеске қатысты әрекеттеріне байланысты айтқан сыны кәсіпкерлік орта үшін аса өзекті. Шынында да, ескерту жасау орнына қатаң әкімшілік шаралар қолдану – бизнеске кедергі келтіріп қана қоймай, оның дамуына да теріс әсерін тигізеді,-дейді Абай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мақсат Сүйчинов. 

Мемлекет басшысы атап өткендей, мұндай келеңсіздіктерге жол беруге болмайды. Міндетті талаптар тізімі кәсіпкерлерді артық тексерістерден қорғап, олардың еркін әрі ашық жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін маңызды тетік болуы тиіс. Бұл қадам бизнесті қорғау мәдениетін қалыптастырып, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы өзара сенімді арттырады. Нәтижесінде ел экономикасында ашықтық пен әділдік қағидаттары нығайып, кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасалады.


#Абай облысы, #экономика, #Жолдау