Түркі мемлекеттерінің қауіп-қатерлерге қарсы бірігуі өте маңызды - Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркі мемлекеттерінің қауіп-қатерлерге қарсы бірігуі өте маңызды - Қасым-Жомарт Тоқаев

Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық Х саммитінің қорытындысы бойынша бірқатар шешім қабылданып, құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі  Kazinform сілтеме жасап.

«Түркі мемлекеттерінің қауіп-қатерлерге қарсы бірігуі, өзара көмек көрсетіп, тиімді іс-әрекет жасауы өте маңызды. Бабаларымыз «Тірлік басқа болса да – тілек бір, бармақ басқа болса да – білек бір» деген. Біздің Түркі ықпалдастығын нығайту жолындағы ортақ табысымыз – соның айқын көрінісі. Саммиттің қорытындысы бойынша бірқатар шешім қабылданады, құжаттарға қол қойылады. Оның бәрі Түркі әлемін өркендетуге, елдеріміздің ынтымағын арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ аймақтағы ықпалдастықты дамытуға және ұйымның беделін күшейтуге зор үлес қосады деп сенемін», - деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, бүгін Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті өтті. Жиынға Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан президенттері ұйымға мүше мемлекет басшылары ретінде, Мажарстан премьер-министрі мен Түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысы, Түрікменстан Халық Мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов бақылаушы елдің өкілі ретінде қатысты.

ТМҰ саммиті «Түркі дәуірі» ұранымен өтті.


#Ақорда, #ҚР Президенті