Халықтық Конституцияның күшіне енуімен құттықтаймыз
Мәдениет 62 қаралымabaidan.kz

«Алакөл алаулары» фестивалі мәреге жетті

«Алакөл алаулары» фестивалі мәреге жетті

Абай облысы Мақаншы ауданындағы Алакөл демалыс аймағында алғаш рет ұйымдастырылған «Алакөл алаулары» фестивалі қорытынды гала-концертпен өз мәресіне жетті. Екі айға жуық уақытқа созылған мәдени жоба өңірдің өнері мен шығармашылық әлеуетін кеңінен танытып, Алакөл жағалауын ән мен жырдың, ұлттық өнер мен заманауи мәдениеттің үлкен сахнасына айналдырды.

«Алакөл алаулары» фестивалі мәреге жетті

Фестивальдің жабылу салтанаты Alazone arena сахнасында өтіп, көрермендерге ерекше концерттік бағдарлама ұсынылды. Гала-концертте «Этно Арлан» тобы, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы Парасат Отан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Гүлмира Сарина, Медет пен Клара Салықовтар, Досымжан Таңатаров, Қазақстанның Халық әртісі Майра Ілиясова, эстрада әншілері Рақымжан Жақайым мен Заттыбек Көпбосынұлы өнер көрсетіп, жиналған жұртқа көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

«Алакөл алаулары» фестивалі мәреге жетті

Фестивальдің жабылу рәсімінде облыс әкімі Берік Уәли тұрғындар мен қонақтарды мәдени жобаның сәтті аяқталуымен құттықтап, оның өңір үшін маңызын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы «Түркістан» газетіне берген сұхбатында туризм саласының негізгі мәселелеріне тоқтала келе: «Бұл – экономика, мәдениет, қауіпсіздік және бизнес – барлығы бір жерге тоғысатын күрделі сала», – деп нақты бағыт берген болатын. Осы мақсатта биыл алғаш рет ұйымдастырылған бұл мәдени жоба – Абай облысының рухани өміріндегі айтулы оқиға болды. Екі айға жуық уақыт бойы Алакөл жағалауы ән мен жырдың, ұлттық өнер мен заманауи мәдениеттің үлкен сахнасына айналды. Облысымыздың барлық қала-аудандары өздерінің мәдениеті мен өнерін кеңінен таныстырып, өңіріміздің шығармашылық әлеуетін мыңдаған көрерменнің алдында паш етті. Демалушылардың, туристердің көңілінен шықты. Сондықтан бұл жобаны келесі жылы да жалғастыратын боламыз. Осындай жобалар өңір экономикасына да серпін береді. Туристік маусымның ұзара түсуіне, кәсіпкерліктің дамуына, қызмет көрсету сапасының артуына және өңірдің кеңінен танылуына ықпал етеді», – деді аймақ басшысы.

«Алакөл алаулары» фестивалі мәреге жетті

«Алакөл алаулары» фестивалі 20 маусымнан бастап аптасына екі рет ұйымдастырылып, осы уақыт аралығында 15 ауқымды концерттік бағдарлама көрермен назарына ұсынылды. Әр кеште еліміздің кемінде екі танымал эстрада жұлдызы өнер көрсетті. Бір концертке орта есеппен 5 мыңға жуық көрермен жиналған. Осылайша, екі айға жуық уақыт ішінде фестивальді шамамен 75 мың адам тамашалады.

«Алакөл алаулары» фестивалі мәреге жетті

Мәдени жоба аясында Абай облысының қала-аудандары Алакөл жағалауында өздерінің концерттік бағдарламаларын ұсынып, ұлттық өнердің озық үлгілері мен заманауи мәдениеттің үздік бағыттарын көпшілікке таныстырды. Әр аудан мен қала өз өнерпаздарын сахнаға шығарып, өңірдің мәдени ерекшелігін көрсетіп қана қоймай, Алакөлге келген демалушыларға мазмұнды мәдени демалыс ұйымдастырды.

Фестивальдің ауқымы мен көрерменге деген қызығушылық оның туристік маусымның маңызды мәдени оқиғаларының біріне айналғанын көрсетті. Алакөл жағалауында өткен концерттер тұрғындар мен туристердің басын қосып, демалыс аймағының туристік әлеуетін арттыруға жаңа мүмкіндік берді. Мәдени іс-шаралардың туризммен сабақтас ұйымдастырылуы жағалаудың тартымдылығын арттырып, демалыс сапасын жақсартуға ықпал етті.

«Алакөл алаулары» фестивалі мәреге жетті

Биылғы туристік маусымға орай Алакөл жағалауында инфрақұрылымды жаңғырту бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жүзеге асырылып, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Абай облысының 2026-2028 жылдарға арналған Алакөл жағалауында туризмді дамыту жол картасы бекітілді.

Туристер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында биыл жағалаудағы 5 шақырымға жуық көшеге асфальт төселді. Былтыр да дәл осындай көлемде жол жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Сонымен қатар жағалауды жарықтандыруға ерекше мән беріліп, 450 жарық бағаны орнатылды. Нәтижесінде жағалаудың 4 шақырымға жуық аумағы толық жарықтандырылды.

Қауіпсіздік мәселесіне де айрықша көңіл бөлінді. Жағалауға жалпы ұзындығы 5 мың метр болатын қалқымалы буйлар орнатылды. Қабанбай ауылында құтқару станциясы, көл жағалауында құтқару модулі ашылды. Сонымен қатар өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізіліп жатыр.

«Алакөл алаулары» фестивалі мәреге жетті

Алакөл жағалауындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде заманауи технологиялар да кеңінен қолданылуда. Жағалауға жасанды интеллект жүйелерімен жабдықталған 224 бейнекамера орнатылды. Бұл жүйе арқылы жағалаудағы жағдайды Семей қаласынан бақылауға мүмкіндік бар. Интеллектуалды бейнебақылау жүйесі тәулік бойы қоғамдық тәртіпті қадағалап, адамдар көп шоғырланған орындарды, құқық бұзушылықтарды және ықтимал қауіпті жағдайларды автоматты түрде анықтайды.

«Алакөл алаулары» фестивалі мәреге жетті

Жағалаудың инфрақұрылымын одан әрі дамыту мақсатында электрмен қамту мәселесін шешуге бағытталған маңызды жоба да жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта «Көктал-Алакөл» электр желісінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жоба аясында ұзындығы 72,3 шақырым болатын жоғары кернеулі электр желісі тартылады. Жалпы құны 7,9 млрд теңгені құрайтын жоба Алакөл жағалауындағы электр қуаты тапшылығы мәселесін түбегейлі шешуге мүмкіндік бермек.

«Алакөл алаулары» фестивалі мәреге жетті

«Алакөл алаулары» фестивалінің алғашқы маусымы өңірдің мәдени және туристік әлеуетін ұштастыратын жаңа жобалардың өміршең екенін көрсетті. Екі айға жуық уақыт ішінде ондаған мың адамды қамтыған мәдени шара Алакөлдің табиғи сұлулығын өнермен сабақтастырып, демалыс аймағының жаңа қырын танытты. Ал жағалауда жүргізіліп жатқан инфрақұрылымдық жұмыстар туристер үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

Алдағы уақытта фестивальдің жалғасуы Алакөлді тек табиғи демалыс орны ғана емес, елдің әр өңірінен өнерпаздар мен туристер тоғысатын ірі мәдени-туристік орталық ретінде дамытуға мүмкіндік береді. Биылғы «Алакөл алаулары» осы бағыттағы жаңа дәстүрдің алғашқы қадамына айналды.

«Алакөл алаулары» фестивалі мәреге жетті
«Алакөл алаулары» фестивалі мәреге жетті
«Алакөл алаулары» фестивалі мәреге жетті
«Алакөл алаулары» фестивалі мәреге жетті
«Алакөл алаулары» фестивалі мәреге жетті
«Алакөл алаулары» фестивалі мәреге жетті
«Алакөл алаулары» фестивалі мәреге жетті