Халық экспедициясы Семей қаласына келді

Халық экспедициясы Семей қаласына келді

"Бейбітшілік пен келісім жолында" атты этномәдени бірлестіктердің қатысушыларынан құралған экспедиция Семейге келді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап, abaidan.kz тілшісі. Экспедиция мүшелері Семей қаласының медицина университетінің студенттерімен кездесіп, жастар арасында саяси мәдениетті қалыптастыру, жеке және әлеуметтік құзыреттілікті дамыту, сондай-ақ жасанды интеллект эволюциясы тақырыптарын талқылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының жұмысы елімізде конфессияаралық және ұлтаралық келісімді құрудың ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл туралы Халықаралық экспедиция бағдарламасы аясында арнайы келген Астана қаласының "Жастар Ассамблеясы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Юлия Лагуткина Қазақстан халқы Ассамблеясы институтының бірегейлігі мен маңыздылығын және түрлі этнос өкілдері арасындағы достық қатынастары туралы баяндады.

"Қазақстан халқы Ассамблеясы институты 1995 жылы құрылған. Бүгінгі таңда жастар Ассамблея негіздерін қалаған жандардың еңбегінің арқасында жетістікке жетуде.  Ассамблеядағы жұмыс олардың өмір салтының ажырамас бөлігіне айналған.  Сондай-ақ бұл жерде көпұлтты халық бірлігінің маңыздылығын да атауға болады. Жастардың Ассамблеяға мүшелікке қабылдануға деген қызығушылығының артуы халықтық ортақ іске өз үлесін қоса алатынына сенімділік береді", - деп атап өтті спикер.

Өз сөзінің соңында қазақ тілін еркін меңгерген Юлия Лагуткина мемлекеттік тілді үйренуге деген ұмтылыстың маңыздылығын да жеткізді. Ол сонымен қатар тілді үйренуге арналған бірнеше пайдалы кеңестерімен де бөлісті.


#Семей, #Абай облысы