Орталық алаңда 

Орталық алаңда  "Күзгі феерия" фествалі өтті

Қала күнін мерекелеу аясында Семей қаласында түрлі іс-шаралар өтті.  Шаһардың жас тұрғыгдарына арналған орталық алаңда "Күзгі феерия" фествалі ұйымдастырылды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Фестивалді тамашалауға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты.

Бағдарлама аясында заманауи билер, жастар музыкалық топтары, аспаптық музыка, стендтік шоулар, аниматорлардың қатысуымен балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы, жасыл аймақта отбасылық пикник ұйымдастырылған.

 

Фестивалді тамашалауға 1000- ға жуық көрермендер жиналды.


#Семей, #Абай облысы, #қала күні