Абай облыстық ПД жаппай төбелеске қатысты мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желіде таратылған жаппай төбелес фактісіне қатысты бейнежазба бойынша, Абай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Е. Базаров мәлімдеме жасады,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Денсаулыққа зиян келтіруге бейімделген заттарды қолдана отырып, адамдар тобы жасаған қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру және бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.
Қазіргі уақытта кінәлі адамдар анықталып уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сонымен қатар, жанжалға қатысушылар арасында қаза тапқандар жоқ екенін хабарлаймыз,-дейді ведомство өкілі.
Абай облысы Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді және азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды.
Ақпарат үшін, Әлеуметтік желілерде Семейдегі мейрамханалардың бірінің алдында болған жаппай төбелес туралы ақпарат таралған болатын.