Ертіс өзенінде су деңгейі көтерілді

Ертіс өзенінде су деңгейі көтерілді

 Ертіс өзенін бақылау нәтижесінде  ескі "Понтондық" көпір аймағында судың көтерілуі анықталды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Семей қалалылық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Қала әкімі Н.Нұрсағатов пен жауапты қызметтер су тасу қаупі бар ауданға барды. Семей қаласы әкімдігінің және Абай облысы ТЖД қызметкерлерімен аулаларды аралау жұмыстары жүргізілді.

Жедел әрекет етудің арқасында су үйлерге кірген жоқ. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, судың жоғарылауы байқалмайды. Сондай-ақ, “Қазгидромет" және Ертіс өзеңінің тексеріс инспекциясының мамандары Ертіс өзеніндегі су деңгейі мен мұз жағдайына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

Семей қаласының әкімдігі жағдайды бақылайды, су деңгейі қосымша көтерілген жағдайда қажетті шаралар қабылданады.


#Семей, #су