Ертіс өзеніндегі су деңгейі бақылауда
21.01.2024 жылғы сағат 10:00-ғы жағдай бойынша Ертіс өзенінің Семей қаласында су деңгейі 457 см. «Бейбітшілік» аралы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖД қызметкерлері жергілікті атқарушы орган және ҚР ТЖМ 68303 ә/б бірлесіп 21 қаңтарға қараған түні бөгет салып, өзен арнасына су бұру үшін жол төсемін ашу сынды инженерлік жұмыстар жүргізді. ТЖД күшімен өзен арнасына 5850 текше метр су қайта жіберілді,-деп хабарлыайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түнде Бебітшілік аралынан 11 адам (7 ересек, 3 бала) эвакуацияланды, олар Семей қонақ үйіне орналастырылды. Үй жануарлары қауіпсіз жерге жеткізілді. Эвакуацияланған адамдар жергілікті атқаруғы орган тарапынан ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта эвакуацияланған отьасы үйлеріне қайтты.
Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеп, тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Әр сағат сайын учаскелерді аралау (Бейбітшілік аралы, Бобровка саяжайы) және су деңгейіне мониторинг жүргізіледі. Су деңгейін өлшеу әр 2 сағат сайын жүргізіледі.
#Семей, #Абай облысы, #Ертіс өзені