Қостанайда құбыр ауыстыру кезінде адам сүйектері табылды

Қостанайда құбыр ауыстыру кезінде адам сүйектері табылды

Қостанай қаласында коммуналдық желілерді жөндеп жатқан қызметкерлер адам сүйектерін тауып алды.

Қостанай облыстық Полиция департаментінің мәліментінше, 4 шілде күні, сағат 14:30-да полицияға Қостанай жылуэнергетика компаниясының жұмысшыларынан ақпарат түскен. Олар Мәуленов - Досжанов көшесінің қиылысында құбырларды ауыстыру кезінде адам қаңқаларын тапқан.

photo

Осы факті бойынша қажет тергеу амалдары басталды. Талдау жасалып, соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.


#қоғам