Семейде лифт құлап, 6 адам зардап шекті

Семейде лифт құлап, 6 адам зардап шекті

Бүгін, 08.05.2024 жылы 12.30 шамасында Әуезов ПБ кезекші бөліміне «103» диспечерінен Әуезов көшесіндегі 3 үйдің 2 подъезінде лифтінің құлағаны туралы ақпарат түскен. Бұл туралы abaidan.kz агенттігі хабарлайды.Белгілі болғандай аталған мекен жайдағы лифтіге 6 адам кірген. Салмақтың рұқсат етілген мөлшерден артуына байланысты лифт кабельдері шыдамай, жолаушылары бар лифт шахтаға құлаған. (Лифттің жүк көтергіштігі 320 келі.)

Нәтижесінде 6 адам түрлі сынық - жарақаттармен жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілген. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілген.

Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде.

Фото әлемжеліден алынды


#Семей, #Абай облысы