Ұлы Абайдың жиені дүниеден өтті

Ұлы Абайдың жиені дүниеден өтті

Филолог, этнограф, өлкетанушы, журналист - Ерсәлімов Балтабек  1938 жылы 28 ақпанда дүниеге келген. Еңбек жолын  "Прииртышская правда" газетіне курьер (қағаз тасушы) болып, күндіз сабақ оқып, түнде жұмыс істейді. Кейіннен қаіргі ҚазҰУ журналистика факультетін бітіріп, редакцияда журналист болып еңбек етеді.

Балтабек Бәзілұлының анасы Қапиза Ахметбекқызы ұлы Абайдың інісі Ысқақ Құнанбайұлының баласы. Анасы кішкене кезінде аталары Абай мен Ысқақты көзімен көріп, сол кездегі Абай, Ысқақ ауылындағы адамдардың өмірі мен есімін жадына тоқыған аса шежірешіл адам болған. 

Абайдың жиені. Ақын шығармаларын насихаттау ісіне белсене араласып келеді. Абайдың, Шәкәрімнің, М.Әуезовтің рухани мұрасын насихаттауға сіңірген ерекше еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі үшін Семей қаласының құрметті азаматы атағы берілді. Семейдегі Абай қорын ұйымдастырып, ашқандардың бірі. 1990 жылдан директоры. 1992 ж. «Абай» журналының қайта шыға бастауына айтарлықтай үлес қосты. 1993 ж. баспадан жарық көрген «Абайдың ақын шәкірттері» деген жинақтың жауапты шығарушысы.

Балтабек Ерсәлімовті соңғы сапарға шығарып салу рәсімі 06.05.2024 жылы, сағат 10-да Абай Құнанбайұлы орталық мешітінде өтеді. 

Сурет 24.kz бейнесюжеттен алынды.


#Семей, #Абай облысы