Абай облысында 17 жолаушысы бар автобус жыраға түсіп кетті

Абай облысында 17 жолаушысы бар автобус жыраға түсіп кетті

Үржар ауданында, Мақаншы ауылынан 35 шақырым жерде қатты желдің салдарынан коммерциялық жолаушылар автобусының 31 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, жыраға түсіп кеткен, деп хабарлайды abaidan.kz . Облыстық полицияның мәліметінше, автобус Қабанбай батыр ауылынан Алматыға бағыт алған. Салдарынан 2 адам ауруханаға түскен. Қазір автобусты жырадан шығару жағы қарастырылып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.


#Абай облысы, #жол апаты, #автобус