Қатты дауыл бірнеше нысанның шатырын ұшырып әкеткен

Қатты дауыл бірнеше нысанның шатырын ұшырып әкеткен

Өткен түнде соққан қатты дауыл Абай облысында 4 нысанның шатырын ұшырып әкеткен. Бұл туралы ТЖБ баспасөз қызметі мәлімдеді ,-деп хабарлайды abaidan.kz.  Әзірге жарықтардың сөніп қалуы бойынша ақпарат жоқ. . Дауылдан Бесқарағай ауылындағы "Долон негізгі мектебі" КММ директоры қатты желдің салдарынан спортзалдың жеке тұрған ғимараты шатырының ұшып кеткенітуралы хабарлаған. 2001 жылы салынған ғимарат Долон ауылы, 1 Мамыр көшесі, 10 мекен-жайы бойында орналасқан. 2020 жылы шатырды ішінара жөндеу жұмыстары жүргізілген. Зардап шеккендер жоқ.

Семей қаласындағы Шұғаев көшесі 59 мекен жайында орналасқан Шәкәрім атындағы МУ 6 корпус ғимаратының шатырын ұшырып кеткен. Семейдегі Оборонная 71 көшесіндегі жер үйдің шатырын ұшырып әкеткен. 

Сондай-ақ, Юность шағын ауданында орналасқан №44793 әскери бөлімнің қоймасының шатыры ұшып кеткен. Жағдай анықталуда. 

Желдің жылдамдығы секундына 18-20 метрді құраған.

Барлық оқиғалар бойынша зардап шеккендер жоқ.


#Семей, #Абай облысы, #ТЖД