МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АБАЙ ОБЛЫСЫНДА
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Нұртай Сабильянов, Ринат Зайытов, Мақсат Толықбай, Самат Нұртаза өрттен зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету мақсатында, Семейге келді. Депутаттар Талица ауылында өрт сөндірушілер мен ТЖ қызметкерлерімен кездесті. Тәулік бойы жұмыс істеп тұрған жедел штаб қызметкерлерінің айтуынша, өрт сөндіру техникалары тапшы. Қолда барының тозығы жеткен. Сондай-ақ, мәжілісмендер эвакуация пункттерінде болып, халықтың жағдайын көрді.Жалпы Абай облысында 9 эвакуациялық орын дайындалған. Олардың әрқайсысын ыстық тамақ пен бірінші кезекте қажетті деген заттармен қамтамасыз ету ұйымдастырылған. Қажет болған жағдайда қосымша пункттер ашылады.
Абай облысы#