Семей қаласындағы Цемент зауытынан өрт шықты

Семей қаласындағы Цемент зауытынан өрт шықты

2024 жылдың 09 қаңтар күні сағат 12: 59-да өрт сөндіру қызметіне Цемент зауытының аумағынан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Бұл туралы abaidan.kz тілшісі Абай облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің келуімен ақпарат расталған.  Нәтижесінде әктас беру галереясында транспортер таспасының жанғаны анықталған. Өрт 390 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.

 Абай облысы ТЖД қызметкерлерінің күшімен галерея астында орналасқан жабдықтарды жөндеу цехынан 50 литрден 9 газ баллоны шығарылды. Қызыл жалынды сөндіруге жеке құрамнан 47 адам, 13 техника жұмылдырылды. Өрттің неден шыққаны анықталуда.


#Семей, #өрт, #Абай облысы