Семейдегі балабақшалардың бірінен өрт шықты

Семейдегі балабақшалардың бірінен өрт шықты

17 ақпанда кешкі уақытта Семейдегі балабақшалардың бірінен өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап, abaidan.kz тілшісі  хабарлайды. "17.37-де Абай облыстық ТЖД-нің 101 пультіне Семей қаласы Павлов көшесіндегі балабақшада өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Келгеннен кейін балабақшаның 2-қабаты ашық жалынмен жанғаны анықталды", - делінген ТЖМ хабарында. Өрт 18.05-те оқшауланды. Алдын ала алаң және өрттің себебі анықталып жатыр. Өрт орнында жеке құрамның 37 адамы, 9 техника жұмыс істегені хабарланды. 


#Семей, #өрт