Қазақстан Республикасы азаматтарының дербес деректері толық қорғалады және оған мемлекеттік бақылау енгізіледі
Парламент Мәжілісі 2023 жылы 1 қарашада "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша" Заң жобасын мақұлдап , Парламент Сенатына жіберді. Заң жобасы Парламент Мәжілісі депутаттарының бастамасымен әзірленді,- деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі.
Заң жобасында:
ҚР дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жұргізу тәртібі енгізілді.
Азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарының қағаз көшірмесін жинауға және және өңдеуге тыйым салынды.
Азаматтарға банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу құқыы берілді. Тыйым салуды "электрондық үкіметтің "жеке кабинетінде белгілеуге болады.
Дербес деректерді қамтитын базалардың меншік иелері мен операторларының бір жұмыс күн ішінде уәкілетті органа дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы хабарлау міндеті енгізілді.
Бұл заң жобасы Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті құрға жұмыс тобының және Комитеттің кеңейтілген отырыстарында жан-жақты талқыланды.
#заң, #мәжіліс, #Парламент, #Нұртай Сабильянов