Үш сағатқа жуық уақыт келіссөз жүргізген Трамп пен Путин келісімге келе алмады

Үш сағатқа жуық уақыт келіссөз жүргізген Трамп пен Путин келісімге келе алмады

 Владимир Путин мен Дональд Трамптың келіссөздері Аляска штатының Анкоридж қаласындағы «Эльмендорф-Ричардсон» әскери базасында өтіп жатыр, - деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі  kaz.inform.kz сілтеме жасап.

Путин мен Трамптың бірлескен баспасөз мәслихаты аяқталды.

Путин мен Трамп саммитінің қорытындысы

Владимир Путин Ресейдің Украина қауіпсіздігі жолында жұмыс істеуге дайын екендігін мәлімдеді. 

Украин халқы — біздің бауырлас халқымыз. Ресей Украинадағы қақтығысты тоқтатуға шын ниетімен мүдделі. Дағдарыстың барлық бастапқы себебі жойылуы тиіс. Киев жанжалды реттеуге бағытталған прогреске кедергі келтірмейді деп үміттенеміз. — деді Путин.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу барысында «белгілі бір ілгерілеуге» және «үлкен прогреске» қол жеткізгендерін айтты. Бірақ «келісімге қол жеткізілмей ешқандай мәміле болмайтындығын» атап өтті.

 Біраз уақыттан кейін НАТО-ға қоңырау шаламын. Қажет деп санайтын адамдарға хабарласамын. Әрине, президент [Владимир] Зеленскийге де қоңырау шалып, бүгінгі кездесу жайында айтамын. Түптеп келгенде барлығы соларға байланысты, — деді Трамп бүгін Анкоридждегі саммиттен кейін.

Біз өте нәтижелі кездесу өткіздік және көптеген тармақ бойынша келісімге келдік. Мақсатқа толық қол жеткізе алмадық. Алайда, оған жетудің жақсы мүмкіндіктері бар, - деп қосты Трамп.

Баспасөз мәслихатының соңында Путин келесі кездесуді Мәскеуде өткізуді ұсынды. Трамп бұл қызықты ұсыныс екенін айтып, сынға қарамастан, ондай мүмкіндік барын жоққа шығармады.

Президенттер жиналған журналистердің сұрақтарына жауап бермей мінберден түсіп кетті.

Ресей мен АҚШ делгацияларының алдында жоспарланған түскі асы болмайтын болды.

Екіжақты кездесуден соң Путин Форт-Ричардсон момериалды зиратында Кеңес солдаттарының мүрдесіне гүл шоғын қойды.

Путиннің жұмыс сапары аяқталды. Кремльдің Telegram-арнасында ұшаққа отырып жатқан президенттің видеосы жарияланды. Ресей көшбасшысы баспалдақпен көтеріліп бара жатып тоқтап, қолын бұлғап, басын иді.


#АҚШ, #Ресей