Сайлау 16 қаралымabaidan.kz

Кандидат Алина Калелханова сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Кандидат Алина Калелханова сайлауалды бағдарламасын таныстырды

«Халық үні – менің басты бағытым» ұранымен сайлауға түсіп отырған кандидат Алина Сериковна Калелханова өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, халықтың өзекті мәселелерін көтеру және қала өмірінің сапасын жақсартуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруға ықпал ету.

Сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарының бірі – жастар саясатын дамыту. Атап айтқанда, жастардың сапалы білім алуына, жұмыспен қамтылуына, кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау көрсету, сондай-ақ олардың қоғамдық, мәдени және спорттық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік жасау көзделген.

Сонымен қатар әлеуметтік қолдау мәселесіне ерекше назар аударылған. Әлеуметтік осал топтарға, көпбалалы отбасыларға және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға қолдау көрсету, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді орта қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы мәселелерді көтеру жоспарланған.

Қала инфрақұрылымын жақсарту аясында аулаішілік жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, балалар ойын алаңдары мен қоғамдық демалыс орындарын көбейту, қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу көзделеді.

Бұдан бөлек, білім, мәдениет және спорт салаларын дамыту, балалар мен жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спорттық секциялар мен мәдени үйірмелердің қолжетімділігін арттыру, жергілікті мәдени-тарихи мұраны насихаттау да бағдарламаның маңызды бағыттарының қатарында.

Экология және тазалық мәселелері де назардан тыс қалмаған. Қаланы көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық тазалықты сақтау, қоқыс жинау жұмыстарының сапасын бақылауға ықпал ету және экологиялық бастамаларды қолдау ұсынылған.

Кандидаттың айтуынша, халықтың ұсыныс-пікірлері мен өтініштерін назарға алу – жұмыстың басты қағидаты. Себебі қала дамуы мен тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту халықпен тығыз байланыс орнатудан басталады.

«Халық үні – менің басты бағытым» – тұрғындардың талап-тілегіне құлақ асып, өзекті мәселелерді шешуге бағытталған бастамаларды қолдауды көздейтін бағдарлама.

 

 

№ 12 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Алина Калелханованың сайлау қорынан төленді