№10 бірмандатты сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Вероника Витальевна Абдулаева сайлауалды бағдарламасында қала тұрғындарын толғандырған өзекті мәселелерді шешу бағыттарын ұсынды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – Семейдің инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік қолдауды күшейту және тұрғындардың өмір сапасын жақсарту.
Басты бағыттардың қатарында жолдар мен аулаларды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, балалар алаңдарын жаңарту, білім беру сапасын арттыру және жастарды қолдау бар.
Сондай-ақ әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету, медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру, қала тазалығы мен экологиялық жағдайды жақсарту мәселелеріне басымдық берілген.
Вероника Абдулаева тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, олардың өтініштері мен ұсыныстарын назарда ұстауды маңызды міндет санайды. Көтерілген мәселелерді мәслихат деңгейінде қарастырып, атқарылған жұмыстар бойынша халыққа есеп беруді көздейді.
Кандидаттың басты ұстанымы – халық сенімін ақтап, Семейдің дамуына және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға үлес қосу.
№ 10 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Вероника Витальевна Абдулаеваның сайлау қорынан төленді




