Сайлау 48 қаралымabaidan.kz

Тимур Магауиянов: Қоғамды бірге өзгертейік!

Тимур Магауиянов: Қоғамды бірге өзгертейік!

№15 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Тимур Маликович Магауиянов сайлауалды бағдарламасын жариялады.

Кандидат бағдарламасының негізгі бағыттары қаланың инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған.

Негізгі басымдықтары:

  • Қаланы абаттандыру: жолдар мен аулаларды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, балалар және спорт алаңдарын орнату, көгалдандыру.
  • Білім беру: мектептердің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту, педагогтарды қолдау, балалардың қауіпсіздігі мен инклюзивті білім беру ортасын дамыту.
  • Жастарды қолдау: спорттық секциялар мен үйірмелерді дамыту, жастар бастамаларын қолдау, кәсіби бағдар беру және жұмыспен қамтуға ықпал ету.
  • Әлеуметтік қорғау: көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, қарттарға, жетім балаларға және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға қолдау көрсету.
  • Денсаулық сақтау: медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру, профилактикалық тексерулер мен салауатты өмір салтын насихаттау.
  • Экология: қала тазалығын сақтау, қоқыс шығару сапасын бақылау, саябақтар мен қоғамдық орындарды абаттандыру.
  • Халықпен кері байланыс: тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу, өтініштерді бақылау, өзекті мәселелерді мәслихат отырыстарында көтеру және атқарылған жұмыстар туралы есеп беру.

Кандидаттың басты ұстанымы – ашықтық, адалдық және жауапкершілік. Тимур Магауиянов тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштерін назарға алып, Семей қаласының дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты жұмыстар атқаруды мақсат етеді.

Материал № 15 бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша Семей қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат  Тимур Маликович Магауияновтың сайлау қорынан төленді.