Сайлау 139 қаралымabaidan.kz

Желтоқсандық Әділ Нұрбосынов өз таңдауын жасады

Желтоқсандық Әділ Нұрбосынов өз таңдауын жасады

Бүгін елімізде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау өтуде. Маңызды саяси науқанға 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысып, тоталитарлық жүйеге қарсы шыққан қаһарман желтоқсандықтар да қатысып, өз таңдауларын жасауда.

Сайлау күні желтоқсандық Әділ Нұрбосынов та дауыс беру учаскесіне барып, азаматтық таңдауын жасады.

Ол елдің амандығы мен жұрттың тыныштығын тілеп, сайлаудың әділ әрі ашық өтуіне сенім білдірді.

«Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ата-бабамыз аңсаған азаттықтың ақ таңын қарсы алған тәуелсіздігіміздің 35 жылдығы қарсаңында өтіп жатқан сайлаудың әділ өтетініне сенемін», – дейді "Абай облысы Желтоқсан-86" ҚБ мүшесі Әділ Нұрбосынов.

Айта кетейік, сайлауға қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы. Әрбір дауыс – ел өміріндегі маңызды шешімдерді қабылдау үдерісіне қатысудың бір мүмкіндігі.