"ЕЛІМАЙ" ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ АЛДАҒЫ МАУСЫМДАҒЫ ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында "ЕЛІМАЙ" футбол клубының бас бапкері Андрей Карпович команданың Түркияда өткен қаңтар айындағы оқу-жаттығу жиынын сәтті деп атауға болатындығын жеткізді. Сонымен қоса брифингте бас бапкер команданың маусымға арналған жоспарларымен де бөлісті,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
- Бізде Түркияда алғашқы оқу-жаттығу жиыны өткенін бәріңіз білесіздер. Биылғы жылға дайындық ретінде 5 сынақ ойынын өткіздік. Біз үшін мықты команда құрып, үздік нәтиже көрсету өте маңызды. Командамыздың алдында көптеген міндеттер тұрғанын түсінеміз. Әр өткізген ойын сайын жеңіске жету керек. Сол жеңіс арқылы чемпиондықты да иемдену қажетпіз. Ойыншыларға келетін болсақ, өткен маусымдағы ойыншылар тобы қалды, бірақ құрамаға жаңадан ойыншыларда қосылды. Бастапқыдағыдай емес құрамаға деген сұраныстың ұлғайып келе жатқандығын және қызығушылықтың барын атап өтуге болады, - деді Андрей Карпович.

Сондай-ақ, бас жаттықтырушы құраманы ұлғайту жұмысы әлі жалғасып жатқандығын да айтты.

- Семей-қазақ футболының отаны. Ол құрама үшін және біз үшін белгілі бір жауапкершілік жүктейді, мұны түсіну қажет. Әр жаттығу күндері біз оны ойыншыларға айтып түсіндіреміз. Құрамаға жаңа ойыншыларды табу процесі қазір жалғасуда, біз бұған өте байыппен қараймыз. Себебі бізге ең бастысы сапа қажет. Бүгінгі таңда бізде үміткерлер, келісімдер бар, олар өте маңызды деңгейдегі ойыншылар. Кем дегенде 4 позицияда білікті легионерлер ойнайды, біз табиғи бәсекелестік сәтін де ескеруіміз керек, - деп толықтырды "Елімай ” ФК бас жаттықтырушысы.

"Елімай" футбол клубының жаттығулары жоспарға сай жалғасып жатыр. Андрей Карповичтың айтуынша құрама алдындағы міндеттер мен мақсаттар әр жолдастық кездесу сайын пысықталуда.

- Екінші ақпанда біздің кезекті жиырма күндік оқу жиынымыз басталады. Онда біз құраманың ойнауына, ойыншылардың топтық ойынын қалыптастыруға көбірек көңіл бөлетін боламыз. Балалардың көңіл-күйі жақсы. Асыға күтіп жүрген өте маңызды сәтіміз – ол стадионға оралып, бүкіл елге футболдың өңірі екенімізді тағы да дәлелдеу, - деп толықтырды спикер.
 


#Абай облысы, #футбол, #Елімай