Полиция мен «Елімай» «Спартактағы» қауіпсіздікті ұйымдастыру мәселелерін талқылады

Полиция мен «Елімай» «Спартактағы» қауіпсіздікті ұйымдастыру мәселелерін талқылады

«Спартак» стадионында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысқан «Елімай» футбол клубының басшылығы, полиция, төтенше жағдайлар, жедел медициналық қызмет және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері арасында кездесу өтті. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, abaidan.kz агенттігі хабарлайды. Сондай-ақ стадионда  жанкүйерлерге  қолайлы болуы керектігі де сөз болды.

«Көрермендердің жайлылығына нұқсан келтірмей, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету бойынша бірлескен шараларды әзірлеу және жүзеге асыру клуб пен полиция ынтымақтастығының негізгі бағыттарының бірі болып табылады», - деді қалалық полиция бастығы Қайрат Әбдіғалиев.

«Елімай» футбол клубының директоры Федор Симиниденің айтуынша, мұндай кездесулер клуб үшін де, полиция үшін де өте маңызды әрі пайдалы, өйткені олар үлкен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.


#Семей, #Елімай