Самат Смақов

Самат Смақов "Астана" футбол клубында басшылық қызметке тағайындалды

Бұрынғы футболшы Самат Смақов елордалық "Астана" футбол клубының техникалық директоры болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап, abaidan.kz  хабарлайды. Самат Смақов футболшы ретінде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, қазақ футбол жанкүйерлері арасында танымалдыққа ие болды. Алаңның сыртындағы алғашқы жұмысы "Ақтөбе" футбол клубының бас директоры қызметі. Одан бөлек семейлік "Елімай" командасында бас бапкер ретінде жұмыс атқарды. Бірінші лигадағы ұжымды Қазақстан Премьер-лигасына шығарды. "Клуб басшылығы Самат Қабирұлының футбол саласындағы кәсіби мол тәжірибесінің арқасында, алдағы уақытта "Астана" футбол клубының техникалық бағыттағы жұмыстары тек оң шешімін тауып, дами түседі деп сенім білдіреді", – "Астана" футбол клубының Instagram желісіндегі жазбада. Техникалық директордың міндеттеріне спорт бөлімінің қызметін техникалық тұрғыда қамтамасыз ету, оның ішінде футбол академиясының құрылысы мен табысты жұмыс істеуі жатады. 

 Фото: instagram/fca.astana алынды


#футбол, #Спорт