Семейде Мемлекеттік рәміздер күніне орай балалар арасында веложарыс өтті

Семейде Мемлекеттік рәміздер күніне орай балалар арасында веложарыс өтті

Семей қаласында Мемлекеттік рәміздер күніне орай веложарыс ұйымдастырылды. Оған 200-ден астам велошабандоз қатысты,-деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі.

 «Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей қаласы бойынша № 1 облыстық олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ жаттықтырушысы Валерий Бакунин әрбір спортшы үшін туған елдің туын көкке көтеру және әсерлі жеңістерге қол жеткізу үлкен мақтаныш екенін айтты.

-  Бүгін Мемлекеттік рәміздер күніне орай велошеруге қатыстық. Біз велошеруді Бейбітшілік аралынан бастап, Орталық алаңға дейінгі аралықта аяқтадық. Мемлекеттік рәміздер арқылы бізді бүкіл әлем таниды. Спортшыларымыз спорттық жарыстар кезінде әрқашан еліміздің көк байрағын көкке көтеруге ұмтылады.

Велошеруге қатысушы Егор Кочегаров веложарыс туралы өз әсерімен бөлісті.

— Мен веложарысқа үшінші рет қатысып отырмын, бұл маған өте ұнайды. Бүгінгі велошеру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай өтуде. Жарыс алдында сәл толқу бар. Бірақ біз бәріміз жарысқа қатысуға дайынбыз. 


#Семей, #балалар