Шавкат Рахмонов америкалық Стивен Томпсонды уақытынан бұрын жеңді
Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов Лас-Вегаста өтіп жатқан UFC 296 турнирі аясында америкалық Стивен Томпсонмен жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды Zakon.kz сілтеме жасап, abaidan.kz тілшісі .
Айта кетейік, қазақстандық аралас стильдегі бас файтері әуеліден-ақ америкалықпен жекпе-жекте айқын фаворит саналған. Қазақстандық үшін бұл ең ірі промоушендегі алтыншы жекпе-жек болды.
Шавкат үшін бірінші раунд тек клинч-бақылауда өтті. Ал екінші раундта ол тұншықтырудың арқасында ММА-да 18 және UFC-де 6-рет мерзімінен бұрын жеңіске жетті.