Шымкентте көкпар төрешілеріне арналған халықаралық тренинг-семинар басталды

Шымкентте көкпар төрешілеріне арналған халықаралық тренинг-семинар басталды

Шымкентте 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында төрелік ететін көкпар төрешілеріне арналған халықаралық семинар басталды. Шараға 10 елден 35 төреші қатысып жатыр. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан, Ресей, Түркия, Мажарстан, Грузия, Пәкістан мемлекеттерінен келген мамандардың қатысуымен өтіп жатқан семинар 27 шілдеге дейін жалғасады. 

Семинардың ресми бөлімін Мұратбек Қыпшақбаев Ойындарға дайындық жұмыстары туралы айтумен бастады. Өз кезегінде Эркин Абзалов Дүниежүзілік көшпенділер ойынының  тарихы және мақсатын таныстырып, бүгінгі өтіп жатқан халықаралық семинарда төрешілердің  біліктілігін арттырып, емтихан алынатындығын хабардар етті. Сондай-ақ, Ойындарда төрешілерге артылған жауапкершілікті ескеріп, көкпар ережелеріне мұқият болуларын талап етті.

Семинар соңында емтихан тапсырған төрешілерге арнайы сертификаттар табысталады. Бұл төрешілердің 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпар бойынша жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Айта кетерлігі, 8-13 қыркүйекте Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Бас демеушісі - ALAGEUM ELECTRIC, Ойындардың Бас серіктесі - Halyk Bank. Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

abaidan.kz


#Спорт, #Дүниежүзілік көшпенділер ойындары