Заң мен тәртіп 28 қаралымabaidan.kz

"Самұрық-Қазына" мен ҚТЖ басшылары сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды

"Самұрық-Қазына" мен ҚТЖ басшылары сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиевтің ұсталғаны белгілі болды.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басшысы Елжас Отыншиевтің ұсталғанын растады. Олар сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды ҰҚК.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 2026 жылғы 11 қарашада ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиевті ұстаған.

"Олар сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҰҚК тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпаратты жариялаған жоқ.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Астанадағы тұрғын үйлердің маңында дорба-дорба доллар шашылып жатқан видео тараған еді.

Желі қолданушылары ақшаны ҰҚК қызметкерлері кеңсеге кірген кезде "Самұрық-Қазына" мен ҚТЖ басшылары терезеден лақтырған деген болжам айтқан. Алайда бұл ақпараттың мән-жайы ресми түрде расталған жоқ. 

Данный текст скопирован с сайта Informburo.kz
https://informburo.kz/kaz/newskaz/samuryq-qazyna-men-qtz-bassylary-sybailas-zemqorlyq-kudigimen-ustaldy