Үйінде есірткі сақтаған Шүлбі кентінің тұрғыны ұсталды
"Қарасора-2023" жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шүлбі кентінің 49 жастағы тұрғынын ұстады,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Ол үйінде есірткі затын кептірген.. Тұрғылықты жері бойынша үйді тінту кезінде жатын бөлмесіндегі кереуеттен 4 полимер орамы, дәлізде 1 қағаз орамы, гардеробта 1 полимер пакеті, жуынатын бөлмеде шыныаяқта дымқыл зат, балконда 2 ыдыста өсімдік тектес жасыл түсті заттар тәркіленген.
Сараптама қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған зат жалпы салмағы 992,75 грамм болатын , жалпы салмағы 3 келіден асатын "кептірілмеген марихуана" болып шыққан.
ҚР ҚК 296-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау).
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.
#заң, #есірткі, #есірткімен күрес