Білім 80 қаралымabaidan.kz

NIS RUN 2026 отбасылық марафоны өтті

NIS RUN 2026 отбасылық марафоны өтті

Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебі NIS RUN 2026 отбасылық марафонын ұйымдастырды.

Ертіс өзенінің жағалауында өткен спорттық шараға оқушылар, мектеп қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері қатысып, 1 және 3 шақырымдық қашықтықты еңсерді. Жалпы марафонға 600-ден астам қатысушы тіркелген.

Марафонның ең жас қатысушысы – небәрі 5 жастағы Жасмин болса, ең үлкен қатысушы – 80 жастағы Чаружамал Сеитказина. Жас ерекшелігіне қарамастан, барша қатысушы ортақ спорттық бастамадан тыс қалмай, марафонға белсенді қатысты. Сондай-ақ марафонға ұжымымыздың аға буын өкілдері Гүлбаршын Мирашева мен ардагер ұстазымыз Бауыржан Жылқыбаев та қатысып, спорттың жас талғамайтынын көрсетті.

Іс-шара NIS құндылықтарындағы «Отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер», «Денсаулық және әл-ауқат» бағыттарымен сабақтасты. Ортақ жаттығудан басталған марафон отбасы мүшелерін бір мақсатқа жұмылдырып, бірге уақыт өткізудің және өзара қолдаудың маңызын көрсетті.

Айта кетейік, NIS RUN 2026 марафоны еліміздің барлық Назарбаев Зияткерлік мектептерінде бір уақытта басталды.

NIS RUN 2026 отбасылық марафоны өтті
NIS RUN 2026 отбасылық марафоны өтті