Олжас Бектенов Қазпоштаның қызметі туралы: шығыны көп болғандықтан, дами алмай отыр

Олжас Бектенов Қазпоштаның қызметі туралы: шығыны көп болғандықтан, дами алмай отыр

Үкімет басшысы Олжас Бектенов бір айдың ішінде ұлттық поштаны дамытудың жоспарын әзірлеуді тапсырды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

- Ұлттық оператор – «Қазпоштаның» қазіргі әлеуетін күшейтуіміз керек. Бүгінде ел ішінде «Қазпоштаның» қызмет ауқымы кең. Филиалдары да жеткілікті. Соған сәйкес, компанияның шығындары да көп болғандықтан, белсенді дами алмай отыр. Цифрлық даму, иннфовациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Сауда және интеграция министрлігімен ұлттық пошта операторын дамыту бойынша тиісті жоспарды бір ай мерзімде әзірлесін, - деген тапсырма жүктеді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Еске салайық, жақында әлеуметтік желілерде Қазпошта жоғалған сәлемдемелерді төмен бағаға сатады деген хабарлама тараған еді. Қазпошта компаниясы аталған жайтқа қатысты ресми түсініктеме берді.

Айта кетсек, ауылдық жерлердегі «Қазпошта» бөлімшелері мемлекеттік қызметтер көрсетуі мүмкін. 

Фото: Kazinform


#Үкімет