Абай облысында жаңа ЖЭО құрылысының негізгі мәселелері қаралды

Абай облысында жаңа ЖЭО құрылысының негізгі мәселелері қаралды

Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдерімен 3-ші ЖЭО параметрлері мен құрылыс мерзімдерін талқылады. Жылу электр орталығы жылу тапшылығын жойып, экологиялық жүктемені айтарлықтай төмендетеді деп күтілуде,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


3-ші ЖЭО төрт қуатты энергиялық қазандықтармен, үш бу турбиналарымен, сондай-ақ үш су жылыту қазандықтарымен және төрт бойлермен жабдықталады. Олардың екеуі негізгі, ал қалған екеуі төтенше жағдайларда жұмыс істейтін болады. Оның қуаты 360 МВт. 

«Бұл жоба өңірдің энергиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам болары сөзсіз. Электрмен, сумен, жылумен жабдықтауды, қосалқы станцияларды қайта жаңартуды қоса алғанда толық инфрақұрылым құруға мүмкіндік береді. Сондықтан жобаны жүзеге асыруда қателікке жол бермей, барынша мұқият қарау керек. Жоба ауқымды болғандықтан әрбір детальды ескеру қажет», - деді облыс әкімі.


#Абай облысы, #ЖЭО